Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Былтыр Тәуелсіздік монументіне тағзым етем деп уәде еткен Есімов Алматыға келмей қалды

Алматы қаласын сегіз жыл басқарған Ахметжан Есімов уәдесінде тұра алмаған сияқты. Былтыр экс-әкімнің келер жылы Тәуелсіздік тойын Алматыда тойлаймын деп ант-су ішкені ел есінде.

14501-2_93340552

Бұл туралы КТК арнасы еске алды.

Алматының бүрынғы әкімін  оңтүстік астананы басқарып отырған кезінде бірде бір рет Тәуелсіздік монументіне барып тағзым етпегенін жұрт сынаған болатын.

«Тәуелсіздік тойы туған күніммен тұспа-тұс келетіндіктен қала сыртында демалғанды құп көремін.15 желтоқсанда қалада болғым келмейді. Сондықтан сыртқа шығып кетем. Бірақ келесі жолы, сол туған күнімде қалада болмасам да, 16-шы желтоқсанда міндетті түрде қалада болам»,- деген еді

Бүгінгі «ЭКСПО» басшысының екі күндік демалыста Алматыға келген-келмегені белгісіз. Бір анығы, ол биыл да Тәуелсіздік монументінің жанынан төбе көрсеткен жоқ. Есесіне бүгінгі мерекеде Бауыржан Байбек болды. Шаһар басшысы нөкерлерімен бірге тәуелсіздік тұғырына тағзым етіп, бет сипады. Жиналғандар өлең де оқып жатты.

Талқылау