Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бұлар қорықпайды": Әнші Айқын Төлепберген енді кино түсірмек

Эстрада өкілдерінің арасындағы әншіліктен киноға эстафетасын Айқын Төлепберген қабылдап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін ән шырқаған Төлепберген енді фильм таспалап, лентаға өзі продюсерлік етпекші. Бұл отандық шоу-бизнестегі тренд пе, әлде танымалдар табыстың көзін тапты ма?

Алғашқы туындысына экшн-комедия жанрын таңдаған ол актерлік құрамды да анықтап қойған. Басты рөлге де өзін бекітіпті.

"Әрине, трэнд. Себебі, Бүркіттен басқасының бәрі басты рөлде ойнады. Маркетинг жағына келгенде басты рөлді өзің сомдауың керексің. Әнші кино түсіргені дұрыс емес деген қате пікір. Себебі, өнер иесі камераны өзі алып алып, сценарий өзі жазып, өзі ойнамайды ғой. Ол продюсер қызметін атқарады", - дейді ол.

Қазіргі таңда әншілердің отандық кино нарыққа қызмет етуге құлшынысы керемет. Әуелі Қайрат Нұртас, кейін Бүркіт, олардың ізін іле-шала Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан кино түсірді. Алайда, бұл туындылар туралы Ермек Тұрсыновтың ойы басқа.

«Мен сахнаға шықпаймын ғой. Немесе әртістік қабілетім болмаса да, кино түсіріп жүріп, өзім актер болып кетпеймін. Бұлар қорықпайды», - дейді Ермек Тұрсынов.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр