БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұл хайп емес: Қызылордалық шенеунік неліктен мектеп оқушысын кеңесші етіп алғанын айтты

Тоғызыншы сыныптың оқушысы демартамент басшысына ақыл айтады. Яғни, кеңес береді. Ересектерден әбден көңілі қалған қызылордалықтар енді сыбайлас жемқорлықпен күреске мектеп шәкірттерін тартуда. Тиісті орган өкілдері осындай жаңа тәсілді қолға алған.  

Бұл хайп емес: Қызылордалық шенеунік неліктен мектеп оқушысын кеңесші етіп алғанын айтты

Жас толқын қоғамды өзгертеміз дейді. Қолымызға билік пен куәлік берсеңдер жемқорлықпен күресті мектептен бастаймыз деп құлшынады, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Дамир 15 жаста. 176 мектепте 9 сыныпта оқиды. «Адал ұрпақ» клуын басқаратын жасөпірім енді Қызылордадағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті  басшысының кеңесшісі. Штаттан тыс. 

«Облыс бойынша мені таңдап алып отырғанына қуаныштымын. Алдағы уақытта өз жұмысыма жауапкершілікпен қарайтыныма уәде беремін. Жұмысым сабағыма әсер етпейді», - дейді облыстық МҚІ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының штаттан тыс кеңесшісі Дамир Бозаев.

Бұл бастаманы оқушылардың өздері ұсыныпты. Олардың ойын құптаған орган басшылары жастармен өздерінің тілінде сөйлесіп, қоғамдағы жемқорлықты  жоюдың жаңа тәсіліне көштік деп мәз.  Болашақ ұрпақ мұндай кеселден аулақ болып өссе екен дейді. 

«Бұл бір хайп емес, арзан пиар емес. Біздің қоғамда ақпарат әр түрлі қабылданады. Дегенмен, бұл бастама дұрыс бастама. Баланың психологиясын түсіне білсе. Баланың өзіне қажетті шаралар, біз кейде жасанды, бағынышты шараларды өткіземіз. Бала амалсыз орындайды. Ал баланың тілінде сөйлессек, ол біздің жетістігіміз», - дейді облыстық МҚІ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов.

Қызылордалықтардың бұл бастамасы қызу талқыға түсуде. Тұтас агенттік болып жеңе алмаған жемқорлықпен күреске  мектеп оқушысын араластыру қаншалықты дұрыс? 

«Ол баланың ойлау қабілетіне байланысты, әр бала әр-түрлі ойнайды». 

«Білесіздер ме, кейде балалар ересектерден ақылдырақ болады. Алайда мұндай жұмыс істегені дұрыс емес».

«Аузы толғандар жұмыс істетпейді ғой оған, жеп қоядығой бейшара баланы, тым ерте бастапты». 

Жаңа қызметіне құлшына кіріскен мектеп оқушысының ісі жалаң ұран, жалған патриотизмге ұласпай, 15 жасар кеңесші жемқорлардың ісінен түңіліп кетпесе болғаны. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр