Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Бэтмен Суперменге қарсы» фильмі 5 күннің ішінде 425 млн. доллар жинады

«Бэтмен Суперменге қарсы: «Әділдік таңсәрісінде» фильмінің кассалық жиынтығы бүкіл әлемдегі прокатының бес күні ішінде жалпы көлемі 424 млн. доллар қаржы жинады.

71936

Сурет: www.kino-teatr.ru 

Сыншылардың ащы пікірлеріне қарамастан, фильм АҚШ-та 170,1 млн. доллар, Британияда – 15,5 млн. доллар жинады, екеуінде де бұл наурыз айындағы рекордтық көрсеткіш болды.

Бұл картина әлемнің әртүрлі кинотеатрларының 40 мың экранына, соның ішінде АҚШ-та 4,2 мың, Британияда 1,7 мың және Қытайда – 16 мың экранда көрсетілгенін атап өткен жөн.

Зак Снайдердің фильмі алғаш рет бір фильмде бастары қосылған екі суперкейіпкер комиксіне негізделген.

Картинаны түсірген Warner Bros компаниясының өкілі Джефф Голдстейн киносыншылардың тас-талқан еткен мақалаларына қарамастан көрермендер фильмге деген өзінің көзқарасын білдіріп, «доллармен дауыс берді», деп мәлімдеді.

Талқылау