Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұзақылар олимпиада жүлдегерін Риодағы өзен жағалауында ұрып кетті

Бельгиялық дзюдошы Дирк ван Тихелт Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағалауында бірнеше соққы алған.

CpcsnxhXYAEC2tI

Фото:catvlad.livejournal.com

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Спортшы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 9 тамыз күні қола жүлде алған болатын. Содан соң спарринг-серіктерімен бірге жеңісті тойлау үшін жағалауға аттанған. Сол сәтте Тихелттің досының ұялы телефонын ұрлап кетеді. Олимпиада жүлдегері бұзақының ізінен қуамын деп, таяқ жеп қалған.

Нәтижесінде 32 жастағы бельгиялық полицияға, сосын дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қуанышқа орай, жарақаты аса ауыр болып шықпаған. Ал бұзақы да жедел қолға түсіпті.

Осыған дейін олимпиада барысында ұрлықшылар туралы қытай мен даниялық спортшылар шағымданған еді.

Талқылау