Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: буынның сырқырауы күннің бұлттануына байланысты емес

Буын мен арқа ауруына бұлтты ауа райының еш қатысы жоқ. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінің ғалымдары шығарды.

Мамандар 2008-2012 жылдар аралығында дәрігерге жүгінген бір жарым миллионнан астам зейнеткердің деректерін зерттеді.

Мамандар бұлтты және шуақты күндері келген емделушілердің талдауларын салыстырған. Оларды созылмалы ауруларына, географиялық жағдайына байланысты бөлген. Сөйтсе, зейнет жасындағы адамдар күннің ыстық кезінде де буындарымыз сырқырайды деген шағыммен дәрігерге көрінген. Бұл көрсеткіш бұлтты күнмен салыстырғанда көп болған. Сондықтан, климаттық жағдайдың мұндай ауруға еш қатысы жоқ болып шықты.

«Бұл деректерді қай жағынан алып талдасақ та, емделуші ауруы мен ауа райының арасындағы байланысты таба алмадық. Сондықтан арқа мен буын аурулары – климатқа тәуелді емес деген қорытынды шығардық», – деп мәлімдеді зерттеу авторларының бірі, профессор Анупам Джена.

Мамандар бұлтты күн мен буын ауруларының арасында ешқандай байланыс табылмаса да, климаттың қатысы болуы мүмкін дегенді де жоққа шығармады. Ол үшін осындай күндері ауруды сезінген емделушілер ауруының деңгейін және ауырлығын анықтап, нақтырақ зерттеу керек.

Тағы оқыңыз:

Ғалымдар қатерлі ісіктен арылудың жолдарын зерттейтін гидрогель ойлап тапты

Әйелдің кірпігінен 100-ге жуық кене табылды 

Тершеңдіктен құтылу үшін не істеу керек

Талқылау