Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Буэнос-Айресте Мессиге ескерткіш орнатылды

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте “Барселона” футбол клубының шабуылшысы Леонель Мессидің мүсіні қойылды. Қоладан құйылған ескерткіштің ашылуына шаһар мэрі Орасио Родригес Ларретаның өзі қатысқан.

кака

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ол бірер күн бұрын ұлттық құрамадағы мансабын тоқтатпақ болған Мессиді бұл ойынан бас тартуға шақырған еді. Мұндай ұсынысты бұған дейін ел президені Маурисио Макри мен аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона да жасаған еді. Бірақ Месси әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

месси

Сурет life.ru

Ол Америка Кубогының финалында Чили құрамасынан жеңіліс тапқаннан кейін ұлттық құрамда өнер көрсетуді тоқтататынын мәлімдеген. Футболшы Аргентина ұлттық құрамасы сапында 113 матч өткізіп, 55 гол соққан.

Талқылау