Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҰҰ бас хатшысы Жер тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Жер тұрғындарын  халықаралық Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін жеткізді. 

776

Сурет tvk.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бұл мерекені тойлайтын және оны мерекелеуге ортақтаса алатын адамдарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Наурыз – бұл бүгінгі әлемде өзектілігін жоймаған көне дәстүр.  Оны сипаттайтын достық, ынтымақтастық рухы және қоршаған ортаны қорғау Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарымен үндес», – делінген Бас хатшының мәлімдемесінде.

Пан Ги Мун «бүкіл әлем бойынша бұл мерекені тойлайтын жүз миллиондаған жан адами тәжірибенің ауқымды спектрын жүзеге асуын сипаттайтынын» атап өтті. Бас хатшы олардың дәстүрлері әралуандылығымен ерекшеленеді деп есептейді.

«Наурызды тойлауға байланысты шаралар көктемгі күн мен түннің теңелуі кезіндегі жаңғыруға деген құрмет. Бұл адамдарды жаңа жетістіктерге шабыттандырады», – деп атап өтті Пан Ги Мун.

Ол Наурыз діни және өзге де келіспеушілікті жойып, қоғамды біріктіретін мереке деп санайды. Осындай ортақ мақсат тарихтың бүгінгі кезеңінде адамзаттың алға өрлеуіне көмектесе алады, деді БҰҰ бас хатшысы.

Еске сала кетейік, 2010 жылы 23 ақпанда  Әзербайжан, Албания, Ауғанстан, бұрынғы югославиялық Македония Республикасы, Үндістан, Иран (Ислам Республикасы), Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркия бастамасымен  Бас Ассамблея 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялады.

Талқылау