Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұты күйген жолаушы Ирландық әуе компаниясынан 42 мың доллар талап етті

Ирландық әуе компаниясы бір жолаушыға 42 мың доллар төлейтін болды. Себебі стюардесса жолаушының үстіне ыстық шай төгіп алған. Зардап шеккен жолаушы Дублин округтық сотына жүгінген.

1111

Бұл туралы The Daily Mirror хабарлады.

Бұл оқиға 2012 жылы Дублиннан Лондонды бет алып ұшқан 33 жасар Ирландия тұрғыны Уэксфорд Рональд Фурлонгтың басынан өтіпті. Ұшақ стюардессасының қолынан ыдысы түсіп кетіп, ол жігіттің екі бұтының арасына төгілген.
Зардап шеккен жолаушы жан далбасамен елдің көзінше шалбарын шешуге мәжбүр болған.

Әйтеуір аман-есен ұшып келген Фурлонг Ryanair әуе компаниясының қызметкерін қауіпсіздік шараларын сақтамады деп айыптап, жергілікті сотқа шағымданған. Жолаушы жеке өміріндегі белсенділігіне күйіп қалған жерінің кесірі тигендігі үшін өтемақы талап еткен.

Талқылау