Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы жігіті үшін беті күйіп қалған тележүргізуші жүздеген отадан кейін түрінің қалай өзгергенін көрсетті

Ұлыбританиялық тележүргізуші Кэти Пайпер бетіне қышқыл шашылып, күйіп қалғаннан кейін қалай өзгергенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұрынғы жігіті үшін беті күйіп қалған тележүргізуші жүздеген отадан кейін түрінің қалай өзгергенін көрсетті

Ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған суреттерінде бірнеше жылдың ішінде түрінің қалай өзгергенін көрсетті.

Пайпен Рождество қарсаңында түскен суретін және бір, жеті, тоғыз жыл бұрын түскен суреттерін жариялады.

 

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

 

Публикация от K A T I E P I P E R (@katiepiper_)

«Уақыт зымырап өтіп барады. Көзқарас өзгереді. Жаңа мақсаттар пайда болады. Алайда мен өмірім үшін алғыс білдіремін», – деп жазды тележүргізуші.

Соңғы он жылдың ішінде Пайперге 100-ден аса пластикалық ота жасалған. Дәрігерлер оның бетінің терісін ауыстырыпты.

Айта кетек, Пайпердің бетін бұрынғы жігіті Дэниел Линчтің тапсырысымен Стефан Сильвестр есімді ер адам күйдіріп тастаған. Бүгінде  Линчч тележүргізушіні зорлағаны үшін темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатыр. бастапқыда Сильвестр өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Алайда 10 жыл өткеннен кейін ол сот үкіміне шағымданып, бостандыққа шықты.

Қазіргі уақытта 35 жастағы Пайпер телевидение саласында жұмыс істеп жүр. Ол 2015 жылы тұрмыс құрып, қызды болды.


Күйіп қалғанда алғашқы көмек көрсету: не істеуге болады және болмайды

Талқылау