Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы министр Мамытбеков жаңа қызметке тағайындалды

Еліміздің бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Астана банкінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы мәлім етті.

4b2d42a655c5f13cf0e8e17639cb86cf

Сурет: agroinfo.kz 

Асылжан Мамытбеков 2011-2016 жылдар аралығында ҚР ауыл шаруашылығы министрі лауазымын атқарды.

2008-2011 жылдары – «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы;

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болды.

Оған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі болған Мамытбеков отставкаға кеткен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Мамытбеков халықтың мазасын қашырған жер мәселесіне қатысты ойымен бөлісті

Мамытбеков бірнеше облыстан әрекеті мафияға ұқсас топтардың былығын әшкереледі

 

Талқылау