Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы мектеп мұғалімінің ұлы Азиядағы ең бай азамат атанды

61 жастағы үндістандық миллиардер, Reliance Industries өндірістік тобының жетекшісі Мукеш Амбани қытайлық Джек Маны басып озып, Азиядағы алғашқы ең бай азамат атанды.

Бұрынғы мектеп мұғалімінің ұлы Азиядағы ең бай азамат атанды

Фото: Hindustan Times

Бұл туралы Bloomberg басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, Амбанидің байлығы 44,3 миллиард доллар болса, Манікі – 44 миллиард.
Үндістің компаниясы мұнай-химия активтерін екі еселеп, соның арқасында мол табысқа кенелген. Бұдан бөлек, ол Reliance Jio Infocomm Ltd жеке телекоммуникациялық желісін кеңейтіп, қосымша 4 миллиард доллар табыс тапқан.

Мукеш Амбани 1957 жылы Аден (Йемен) қаласында дүниеге келген. Ол бұрынғы мектеп мұғалімі Дхирубхай Амбанидің ұлы. Мукештің әкесі Үндістанға полиэстер импорттап, байыған.

2000-жылдардың басында компания мобильді коммуникациямен, ал кейіннен мұнай-газ бизнесімен, ритейлмен айналысқан. 2010-жылдардың басында Reliance Industries телекоммуникациялық кәсіпке қарай бет бұрады. Jio Cinema және Jio Music қосымшалары арқылы абоненттердің санын арттырады.

Бұрынғы мектеп мұғалімінің ұлы Азиядағы ең бай азамат атанды

Амбанидің болжамына сәйкес, оның сервисіне тамыз айына дейін Үндістанның 1100 қаласы қосылуы тиіс.
Тағы бір атап өтетін жайт, Амбани – әлемдегі ең қымбат әрі ең үлкен үйдің иесі. Биіктігі 173 метрді құрайтын оның үйі Мумбаида орналасқан. Оның құрылысына 70 миллион доллар ақша жұмсалған. Алайда оның нарықтағы бағасы 2 миллиард доллар тұрады. Зәулім үйге Атлант мұхитындағы аңыз аралының құрметіне “Антилия” атауы берілген.

Үй 27 қабаттан тұрады. Мұнда 160 автокөлікке арналған гараж, жеке автосервис, жаттығу залы мен кішігірім театр, бассейн, бал залы, үш тікұшақ алаңы және де Амбани отбасының резиденциясы бар.

Бұрынғы мектеп мұғалімінің ұлы Азиядағы ең бай азамат атанды

Бір қызығы, үйдің қабаттары биіктігі, аумағы, бағыты жағынан бір-біріне ұқсамайды. Ғимарат қуаттылығы 8 баллға дейін жететін жер сілкінісін көтере алады.

Тағы бір қызығы, 27 қабаттан тұратын үйде мүлдем баспалдақ жоқ. Адамдар үйдегі 9 лифт арқылы қозғалыс жасайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау