Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Кайырбекова ауыр халде ауруханаға түсті

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ауыр халде ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтып берді.

7a5fac5fd3b9e32045d33a51877d06e2

Ол бұрынғы министрдің не себепті ауруханаға түскенін нақтылап айтқан жоқ. Алайда, Салидат Қайырбекованың инсульт алып, емханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Салидат Қайырбекова 2010-2014 жылдары аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Одан кейін «Ұлттық медицина холдингі» АҚ басқармасының төрайымы болып тағайындалған еді.

Талқылау