Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы “БН” тобымен бірігіп клип түсірген Қайрат Нұртасты тыңдарманы түсінбей қалды (видео)

Танымал хитмен Қайрат Нұртас Alar (бұрынғы “БН”) тобымен бірігіп клип түсірді. “Сен атқан таңдай” атты су жаңа ән тыңдарман көңілінен шыққан ұқсайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртас

Бейнебаян небәрі бір сағат бұрын жарияланса да, оны 10 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген. Көпшілік жаңа әннің сөзсіз хит екенін атап өткен. Алайда тыңдарман қауымға Қайраттың жас топпен бірге ән айтқаны ұнамай қалған.

“Жақсы ән, керемет клип. Бірақ Қайрат Нұртас пен БН-ның аудиториясы екі бөлек. Бірігіп ән айтудың не қажеті болғанын түсінбеймін”, – деп сынады желі қолданушыларының бірі.

Ал Қайрат Нұртастың Alar-мен бірге ән шырқауының екі себебі бар. Біріншіден, хитмен жастарға қолдау білдіргісі келген. Ал екіншіден, Alar тобы ұсынған ән Қайраттың көңілінен бірден шыққан.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау