Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы білім министрі тау шыңын бағындырды (фото)

“Назарбаев қорының” президенті, ҚР-ның бұрынғы білім министрі желі қолданушылары таң қалдырды. Белгілі болғандай, Аслан Сәрінжіпов альпинизммен айналысады.

“Тағы бір шыңды,  Амангелді шыңын бағындырдық. Айтқандай, биыл оның көшбасшылығымен болған 1916 жылғы көтеріліске 100 жыл толады”, – деп жазады Сәрінжіпов сурет астына.

12871490_949547885144503_5669523363327107465_n

Амангелді шыңы – Іле Алатауының әуесқойлар арасындағы ең атақтысы.

Биіктігі – 4010 метр. Амангелді шыңы – әсем гранит жартас. Алғашқы рет шыңға 1939 жылы Зимин бастаған Алматы альпинистері шыққан. Шыңның төбесінен Абай мен Мәншүк Мәметова шыңдарының, Богданович, Тұйықсу мұздақтарының, оңтүстік пен батыс жартасты тау бөктерінің және солтүстік пен шығыс кішкене мұз басқан тау бөктерінің керемет көрінсі бейнеленеді.

13327431_949548008477824_2965590389640108367_n

13335622_949547911811167_8634853632650363289_n

Жіберіп алмаңыз:

Бердібек Сапарбаев футболист болуды армандаған

Талқылау