Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы ауыл әкіміне пара алғаны үшін 31 млн теңге айыппұл салынды

 Жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысына пайдалану үшін алып беремін деп, әкім тұрғындардан 1700 доллар көлемінде ақша талап еткен.

9019884

Пара алғаны үшін, Октябрь ауылдық округінің бұрынғы әкіміне 31 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

“Қостанай аудандың соты 1964 жылы туылған Октябрь ауылдық округінің экс-әкіміне қатысты үкім шығарды”, – делінген хабарламада.

Іс материалдары бойынша анық болғандай, 2015 жылдың 17 қарашасында әкім өзінің кабинетінде жергілікті тұрғыннан 1700 доллар пара алған. Ол бұл ақшаны алу себебін, тұрғынға жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысына пайдалануға алып беремін деп түсіндірген. Мемлекеттік қызметкер қылмыс үстінде қолға түсті.

“ҚР ҚК 366 тармағы бойынша айыпталушының кінәсі анықталып, алған парасы 60 есе көбейтіліп, 31 368 060 теңге мемлекетке өтеуі тиіс. Сондай-ақ, әкімнің жеке мүліктері де тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік мекемеде жұмыс жасау құқығынан да айырылып отыр”, – делінген хабарламада.

Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ.

Талқылау