Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы әскери қызметкер “Желтоқсан оқиғасы” жайлы: Мен жастарды ұр деген бұйрыққа қарсы шықтым

Желтоқсан оқиғасының өткеніне 32 жыл толды. Ал, кейбір жантүршігерлік жайттар әлі де жұмбақ күйінде. 1986 жылы Қазақстанның орталық комитеті компартиясының бірінші хатшысы болып Колбин тағайындалды. Бұл жастардың наразылығын тудырып, алаңға шығуына себепші болды.

Жастар «әр ұлттың өз көшбасшысы болуы керек» деп ұрандатты. Осыдан соң репрессия жүрді. Белсенділерді түрмеге жауып, кейбірі із-түзсіз жоғалып кетті. Аман қалғандары кейін қалай болғанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Астана арнасы.

«Қазір 16 саны жайлы ешкім ешнәрсе айтпайды. Негізінде көтеріліс үш күнге созылды. 16 күні студенттер жиналып ұрандатты. Көлік жүрген жоқ. Кешкісін күн суып кеткендіктен, ертесі кездесетін болдық. Біз Төлеби көшесінің бойымен жүрдік», – дейді Болат Шарахымбай.

Халелхан Әділханов мұрахаттағы таспалардан өзін таниды. Ол топпен бірге жүріп, қазақ әнін айтқанын еске алды.

«Ертесінде адам қарасы көп болды. Әскерлер, арнайы қызметкерлер жүрді. Кешкісін нағыз төбелес басталды. Мені полиция көлігіне күштеп мінгізді. Қолымдағы татуировканы көргенде бірден нашақор деп атады. Суық су шашып, таяқпен ұрды», – дейді ол.

Көтерілісшілер алаңдағы қыздарға күш қолданып, әскерилердің ұрып-соққанын айтты.

«Әркім жан-жаққа қаша бастады. Бір қыздың қатты айқайын естідім. Ол арықта жатыр екен. Оны ұрып жатты. Мен «қыз бала емес пе?» деп жанына жетіп бардым. Әрі қарай не болғанын білмеймін”, – дейді Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Болат Шарахымбай.

Ертесі күні газеттерде жастарды нашақорлар деп жазды. Үш күн ұлтшылдық күні ретінде аталды. Зардап шеккендер мен марқұм болғандар туралы айтылған жоқ. Музыкалық училищенің 16 жастағы студенті Ләззат Асанова «Желтоқсанның батыр қызы» деген атпен танылды. Ресми дерекке сүйенсек, ол жоғары қабаттан секіріп кеткен. Ал, жақындары оның өлімінің себебін нақты айта алмайды.

Бұрынғы әскери қызметкер "Желтоқсан оқиғасы" жайлы: Мен жастарды ұр деген бұйрыққа қарсы шықтым

«Ол үздік оқыды. Екінші курса оқып жүрді. Алғашқы жылы ауыр болды. Тек бес жылдан соң оң бағасын алды. Бірақ одан менің қызым тіріліп келмейді»,- дейді Алтынай Асанова.

Боташ Кажимов 86-жылы қарулы күштер сапында болды. Әскерилерге жастарды аямай ұрып-соғуға бұйрық бергенін, алайда ол бұйрықты орындамағанын айтты.

«Батальонда жалпы отырыс болды. Подполковник Школен Алматыда жастардың балабақшаларға кіріп, жануарларға қатігездік көрсетіп жатқанын айтты. Оларды ұстап, жазасын беруді бұйырды. Мен ол жерде қыздар болатынын білдім. Мен бармайтынымды кесіп айттым. Ол маған оңайға түскен жоқ. Әскери қызметтен шеттетіп, оқудан қуып жіберді. 7 жыл жұмыс таба алмадым. Бірақ ол ісіме еш өкінбеймін», – дейді Боташ аға.

«Қазір Желтоқсан оқиғасына кім кінәлі деген сұрақ бар. Оның кім ұйымдастырғаны белгісіз. Алайда жастардың артында ересектер тұрды деген нұсқа бар. Көп жайт келер ұрпақ үшін зерттелуі тиіс тақырып борлып қала береді. 86-ның желтоқсаны тарихта қаралы күн болып қалды», – дейді тарих ғылымдарының кандидаты Людмила Гривеннаяч.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау