Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрын сотталған жігіт 50 мың доллар тауып алып иесіне қайтарып берді

Сингапурде бұрынғы сотталушы, жүк тасушы жігіт иесіне тауып алған 50 мың сингапурлік долларын қайтарып берді.

23 жастағы Джейк Тань мен оның бригадасы  клиенттің жиһазын өзге пәтерге көшіруге көмектеседі. Жұмысын аяқтаған соң, үйін бір тексеріп шығады. Үшінші қабатта қара пакетті тауып алады. Онда 50, 100, 1000 сингапурлік доллар болды.

Тань ақшаны өзімен алып кетпей, басшысына береді. Ол ақшаны иесіне қайтарып береді. Жүк тасушының айтуынша, осы әрекетті дұрыс деп тапқан.

Қара жұмысшы денесіндегі татуировкасына байланысты қылмысқа қатысты сынға ұшарып жүреді екен.

“Біздің әрекетіміз денеміздегі нрселерге байланысты емес деп ойлаймын”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау