Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурыл ауылындағы күдіктінің үйі қайтыс болған баланың отбасына берілетін болды

Жамбыл облысындағы 6 жастағы баланың ауыр қазасына байланысты, түрік қауымдастығының өкілдері барша этнос атынан кешірім сұрады. Белгілі болғандай, түрік қауымдастығының жетекшісі Давришов, Бурыл ауылындағы этномәдени бірлестік жетекшісі Омар Басадов және ҚХА айыптыны қатаң жазалауын сұрап және зардап шегуші отбасыға материалдық көмек көрсетуге уәде берді.

6 жастағы бала

Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлайды.

Ақсақалдар, күдіктінің үйін бала қайтыс болған үйге босатып беру керек деген шешім қабылдаған. Тиісінше, жерлеу жоралғыларының барлығын түрік диаспорасы өз мойнына алып отыр.

Жамбыл облыстық ІІД аталған іс бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. 2016 жылдың 15 ақпанында Бурыл ауылындағы жер үйлердің бірінен 6 жасар Дүйсенбек. А.С-ның баланың өлі денесі табылған болатын. Қаскөй баланың 11 жеріне пышақ жарақатын салған. 16 ақпан күні күдікті ұсталып, тергеу изоляторына жөнелтілді.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы жағдай қазіргі таңда құқық қорғау органдарының бақылауында. Аталған елді-мекенде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қоғамдық тәртіп жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы оқиғадан соң, ашуға булыққан ауыл тұрғындары қылмыскерді жазалау қажет деп, соңы жанжалға ұласа жаздаған еді.

Талқылау