Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүркіт трендте": Әміренің кезекті кавері желіні жарды (видео)

"Маска" шоуына қатысқан Бүркіт (Әміре) кезекті каверін тыңдарманына ұсынып, желіні жарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл күндері Бүркіттің шоуда орындаған әрбір кавері хитке айналды десек, өтірік емес. Әншінің өзі де аталған шоудан кейін көрермендері артқанын жасырмайды.

Ескі әуендерді жаңаша өңдеп, ерекше форматта ұсыну Әміренің "фишкасына" айналды. Бұл жолы Әміре 2000 жылдары хит болған Нұрлан мен Мұраттың орындауындағы әйгілі "Лейла" әнінің кавер нұсқасын ұсынған. 

Жаңа туынды YouTube-та 2 күн ішінде 200 мыңнан аса қаралым жинап, трендте үшінші орынға шықты. Бұған Бүркіттің фанаттары шын қуануда.


"Әміреге жетпейсің": "Маска" жеңімпазы шоу әділетсіз өтті дегендерге жауап берді


"Сенің даусың скрипканың үніне ұқсайды, қатты ұнайды", "Браво, Әмре! Сен үздіксің", "Әлемдік деңгейдегі әнші. Сені әрқашан қолдаймыз", – деп жылы лебізін білдірді желі оқырмандары.

Талқылау