Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрқасында жолда қалған жүкті әйел аман-есен босанды

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде бұрқасын салдарынан жабылған Орынбор-Ор күре жолында әйел аман-есен босанды.

1111

3 қаңтарда болған бұл оқиға жайлы ТАСС агенттігі аймақтық үкіметке сілтеме жасап хабарлады.

Кваркен орталық аудандық ауруханасының фельдшері Наталья Нетесова күртік қарда тұрып қалған көліктің ішінде жатқан әйелді босандырып, жаңа туылған нәрестені денесімен бірнеше сағат бойы жылытып, нағыз ерліктің үлгісін көрсетті», – деді баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде ана мен баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетсек, 3 қаңтарға қараған түні бұрқасынға байланысты Орынбор-Ор күре жолындағы қозғалыс тоқтатылған болатын.

Талқылау