Бурабайда төбелескен екі шенеунікке қатысты толық дерек шықты

Сәрсенбі, 30 Қараша , 2016 15:00

Ақмола облысында әдеп жөніндегі кеңес төбелесте көзге түскен Бурабай шипажайының екі шенеунігін жұмыстан шығаруға ұсыныс берді.

1129629

Фото: Алексей Фурман

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Бурабай аудандық әкімдігінде бүгін мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырыста 2016 жылғы 6 қарашада Бурабай кентіндегі “Шаңырақ” дәмханасында болған оқиға тыңдалды. Бұл жерде Бурабай ауданы аппаратының жетекшісі мен оның орынбасары арасында төбелес шыққан. Отырыс қорытындысы бойынша кеңес төбелеске қатысы бар Бурабай ауданы аппаратының жетекшісі мен оның орынбасарын жұмыстан шығаруды ұсынды. Тағы бір шенеунікке қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланды.

«Жүргізуші, кент әкімі, «Шаңырақ» қызметкерлері ол жерде кім болғанын айтып берді. Жүргізушінің өз жауабы бар. (Жауков) Ол «Шаңырақ» кафесінің жанына жеткізіп тастап, күтіп отырған. Жауков қолында жарақаттары болғандықтан, аураханаға барып қаралған», – дейді Мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің жетекшісі Берген Беспалинов.

Оқиғаға қатысы бар делінген азаматтың бірі өзінің төбелеске қатысы жоғын айтады.

«Азаматтың өзінің оқиғаға қатысын теріске шығаруы – оның жеке басын қорғау позициясы. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан тыс уақыттағы тәртібі жөнінде мемлекет басшысы бекіткен талап бар», – дейді Беспалинов.

Кеңесте Құдайбергенов пен Жауковты жұмысынан қуу, ал әкімге қызметіне сай еместігі үшін ескерту жасауды ұсынды.

Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді (фото, видео)

Мұсылман қызы өз өнерімен АҚШ президентін таңғалдырмақшы

Салмағы 150 келі болатын 11 жасар қытайлық оттың көмегімен арықтауға тырысуда (фото)

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар