Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабай ТМД-дағы ең танымал курорттардың үштігіне кіреді

Travel.ru туристік сервисі ТМД елдеріндегі кең тараған курорттық бағыттарды анықтады.

бурабаййй

Курорттар рейтингі 2016 жылдың жазына брондалған қонақ үйлер туралы мәліметтерге сәйкес құрылды.

Туристтік компанияның ақпаратынша, үш адамнан тұратын жанұяның ТМД елдері курортында демалуы үшін орташа алғанда тәулігіне 3,5 мың рубль жұмсалады.

Туристтердің сұранысына ие ТМД елдері арасындағы курортты орындардың бестігіне Ыстықкөл (Қырғызстан), Бурабай курорты (Қазақстан), Нарочь көлі (Беларусь), Каспий теңізі (Баку, Әзербайжан) және Севан көлі (Армения) кіреді.

Бес үлкен көлден тұратын Бурабай курорты Астанадан солтүстікке қарай екі сағаттық жерде орналасқан.  Ресейлік туристтерді, әсіресе Оңтүстік Урал мен  Шығыс Сібір тұрғындарын, мұнда емдік қасиеті бар су, табиғи ауа, шығыс ұлттарының асы мен көптеген  санаторийлер мен туристік базалар қызықтырады. Бурабайдағы ең ірі қала – Щучинск.

Туристтердің арасында кең тараған ТМД елдері ішіндегі курорттардың топ-5:

  1. Ыстықкөл, Қырғызстан.
  2. Бурабай, Қазақстан.
  3. Нарочь, Беларусь.
  4. Каспий теңізі, Баку, Әзербайжан.
  5. Севан, Армения.

 

 

Талқылау