Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабай орманында суққа үсіп қайтыс болған келіншектің денесі табылған

Жас келіншектің  өлі денесін орманшылардың бірі тауып алған. Жедел полицияға хабарласқан ол алғашында өзін жауапқа тартады ма деп қорқып кеткен.

50917

Әйел  аязды күні қатты үсік шалып қайтыс болды деп хабарлаған Ақмола облыстық ІІД полицейлері.

« Ақмола облысы Бурабай ауданындағы орман шатқалдарының арасынан  30 жастағы келіншектің мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша ол Щучинск қаласының тұрғыны болуы мүмкін»,-деген облыстық полицейлер.

Келіншектің денесінен ешқандай зорлық іздері табылмаған. Сондықтан үсіп қайтыс болды делініп отыр. Қазір келіншектің орманда қандай себеппен жалғыз қалып қойғаны анықталып жатыр.

Талқылау