Бума-бума ақша: Тұтқындалған су ресурстары комитеті басшысының ісіне қатысты видео пайда болды (видео)

Таяуда тұтқындалған Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішевтің ісіне қатысты видео пайда болды. Видеоны мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бума-бума ақша: Тұтқындалған су ресурстары комитеті басшысының ісіне қатысты видео пайда болды (видео)

Видеода қолғап киген ұлттық бюро қызметкерлері бума-бума ақшаны көрсетіп, оларды санап жатқаны байқалады. Артынша ақшаның үстінен ультракүлгін сәулелі шамды жүргізіп өтті. 

 

Еске сала кетсек, бұған дейін су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішев қызметінен шеттетілген еді. Артынша оған қандай айып тағылғаны айтылды. Ол 60 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр