Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршінді шапалақпен ұрды: Алматыдағы балабақшаның меңгерушісі қызметінен босатылды

Алатау ауданындағы №37 балабақшаның меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі қала әкімдігінің қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Балабақша

Үкімді 2019 жылдың 4 мамыры күні Білім басқармасы шығарды. Бұл балабақшада тәрбиеші бүлдіршінді ұрысып, кейін оған қол көтерген болатын. 

«2019 жылдың 2 мамыры күні 1-кіші топта тәрбиеші педагог деген атқа лайық емес әрекеттер жасады. 3 мамыр күні анасы сәбидің бетінің көгергенін байқап, балабақшаның меңгерушісіне барған. Меңгеруші ата-анамен бірге 2 мамырдағы видео жазбаны қарап, кейін тәрбиешінің бүлдіршінге қол көтергені анықталды», - деді басқармадағылар. 

Еске сала кетсек, желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің баланы ұрып-соққан видеосы тарап кетті. Артынша Білім және ғылым министрлігі тәрбиешінің жұмысынан қуылғанын мәлімдеді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр