Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл педофил: Жағажайдағы кездейсоқ сурет ер адамның өмірін құртты

Ұлыбританиялық шауырма сатушысы Броунсон Али желі қолданушылары қателесіп оны педофил деп айыптағаннан кейін дау-жанжалдың астында қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл педофил: Жағажайдағы кездейсоқ сурет ер адамның өмірін құртты

26 жастағы жігіт 7 тамызда жағажайға туыстарымен, оның ішінде 17 іні-қарындастарымен бірге демалуға келгенін айтты. Отбасы теңізде бір күн бойы жүрген.

Бір уақытта Бронсон ағасымен және тағы бір туысымен бірге шылым шегуге кетті. Олар туыстарын алыстан бақылап тұрғанда басқа демалушылардың бірі оны суретке түсіріп, Facebook-те жариялады. Ал, фотоны көрген желі қолданушылар шаурма сатушысын педофил деп айыптады. Ер адам бұл туралы келесі күні, достары оның суретін жібергеннен кейін білді.

Бастапқыда Бронсон бұл жазбаға мысқылмен қарап, аса мән бермеді. Бірақ оның суретін көптеген оқырман қараған соң ер адам бұған алаңдай бастады. Себебі, желі қолданушылары «педофилге» қатысты көптеген жағымсыз пікірлер қалдырған.

Ер адам бірден полиция қызметкерлеріне хабарласып, кейін сурет әлеуметтік желіден өшірілді. Дегенмен, Бронсон әлі күнге дейін үйден шығуға қорқып, сол күнге лағынет айтуда.

«Бұл оқиға менің өміріме өте жаман әсер етті. Мен пәтерімнен шыққым келмейді. Әлі күнге дейін үйден шықпай отырамын. Тіпті, бизнесімді де басқара алмаймын, өйткені бет-жүзімді ешкімге көрсеткім келмейді », – дейді шаурма сатушысы.

Ол сондай-ақ, айыптаулардан туындаған күйзеліске байланысты дәрігердің қаралуына жазылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау