Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл қиындықты бүкіл мемлекет болып жеңеміз: Илья Ильин денсаулығы туралы айтты

Қазақстандық танымал ауыр атлет Илья Ильин денсаулығы туралы айтып берді.

Илья Ильин

Бұл туралы спортшы желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ильяның сөзінше, ол дәрігерге қаралған. Тексеру барысында спортшының омыртқасынан 3 ауру табылыпты. Мұндай дертпен күресу үшін тынбай еңбектену қажет екен.

«Қарапайым адамға болмайды. Ал маған рұқсат беріледі. Себебі мақсатым бар және сол мақсатыма жетуім керек. Ең болмағанда, мақсатыма жетуге тырысып, әдемі өнер көрсетуім қажет», – дейді спортшы.

Дәрігер спортшыға бір ай бойы физиотерпияға барып, зілтемірсіз бұлшық еттерді шынықтыруға кеңес берген. Мұнан кейін бәрі жақсы болса, ақырыпндап ауыр салмақты көтере бастауға болады.

Өз кезегінде Илья мұндай ем түріне келіскенін айтты.

«Оған көп алғыс білдіремін. Ол жақсы адам. Алайда мұның бәрі менің спортшы болғаным үшін. Маған алға жылжу керек. Әйтпесе, денсаулығымдағы қиындықтар айтарлықтай күрделі. Ештеңе етпес, бәрі жақсы. Менің командам, ұжымым жақсы. Олар маған көмектеседі. Біз бүклі мемлекет болып бұл қиындықты жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткіземіз», – дейді спортшы.

Сонымен қатар ауыр атлет өзіне қолдау танытқандардың бәріне алғыс білдірді.

«Токиода өтетін Олимпиадаға ақырындап қадам баса береміз», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау