Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл келіншек көпшіліктің таласына айналған дүниені тексеріп көрді (фото)

Соңғы кезде шетелдерде перзентханаға бармастан, үйде босануды қалайтындар қатары көбейген. Мұндай әдісті қолдаушылар өз үйі ана мен бала  үйренген ортада еркін болатынын, артық қауіптің  жоқтығы сынды  жақсы тұстарын айтады. Олар өз үйінің қабырғасында, жақындарының жанында босану, қолдау барлығы да қиын минуттарда әйелге үлкен әсер беретінін жарыса айтуда.

босану7

Соңғы кездері тағыда суда босануды дұрыс дейтіндер саны артқан. Бразилия тұрғыны Алана Феррейра сәнге айналған екі әдістің басын қосып жақындарының алдында екінші баласын дүниеге әкелмек.

Өзге әйелдерге мұның қандай болатынын көрсету үшін Алана өзін суретке түсіруге де рұқсатын берген. Жауапты минуттарды суретке түсіру екі баланың анасы Мишель  Пампанин есімді суретшіге сеніп тапсырылды. Себебі ол өз басынан өткен жайтты ескере отырып толғақ кезінде, босану сәтінде әйелдің қандай көңіл-күйде болатынын жақсы түсінері анық.

Отбасылық ақылдасу кезінде баланы дүниеге әкелу сәтін Алананың жары мен үлкен қызы қатысады деген шешім қабылданған екен.

босану6

Алананың толғағы басталған сәт.

босану5

Толғақ арасында Алана өзгелерді шошытпау мақсатында әзілдесіп отырды.

босану1

Келіншектің толғағы жиілей түскен кезде арнайы дайындалған суға түсті.

босану3

босану2

Алананың тұңғышы Луиза анасын қиын сәтте қолдауға кірісті.

босану4

Көптен күткен нәресте жарық дүниеге келетін сәт жақындай түсті.

босану8

Өмірге  Бенджамин есімді бала келді.

9

Анасы жаңа туған нәрестені қолына алып, туыстарының алдында жаны тынышталды.

10

Үйге шақыртылған дәрігерлер балақайды жуындырып, анасының сүтімен күш жинауға мүмкіндік берді. Әлі балақайдың кіндігі кесіліп, жолдасынан бөлінбеген. Себебі  бала табиғи жолмен туылған сәтте мұның маңыздылығы зор.

ана

балақай

Анасының қиналғанын көрген Луиза інісіне жақындай бастады.

Суда әрі үйде босануға қатысты адамдардың ойы  сан түрге бөлінуі мүмкін. Бірақ өмірге сәби әкелудің ерекше бақыт екенін ешкім жоққа шығара алмасы анық.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Суда әрі жақындарыңыздың қасында  босану қаншалықты дұрыс?

 

Талқылау