Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүкіл әлемде осындай жаза қолдану керек": Шетелдіктер Қазақстандағы педофилдерді кастрациялау туралы жарыса жазды

The Daily Mail басылымында Қазақстанда химиялық кастрация жасалып жатқан сотталған педофилдер теледидардан кешірім сұрап, өздерінің қалай қиналып жатқанын айтқаны туралы жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның жазуынша, бұрын Кеңес Одағына кірген мемлекеттердің барлығы балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қатаң жаза қолдануда.

“Қазақстанда химиялық кастрация тұрақты инъекция арқылы жүзеге асырылады. Педофил түрмеде жазасын өтегеннен кейін де оны инъекция арқылы кастрациялау жалғасады.  Бала зорлағандардың бірі инъекциядан кейін "қатты ауыратынын" айтып берді. Ол мұндайды жауына да тілемейтінін айтты. Педофильдер кастрация туралы "Бұл біздің ағзамызға зиян екенін, болашақта денсаулығымызға әсер ететінін білеміз” деген пікір білдіріп, кастрацияға қарсы екендерін жеткізді. Олар педофилдерге кастрация жасау шешімін өзгертуді сұраған”, – деп жазды басылым. 

Жыныстық зорлық-зомбылық әректтерін жасайтын ерлерге ескерту жасау бойынша медиа-науқанында бір сотталушы өзінің жасаған қылмысына өкінетінін айтқан. 

"Енді мен мұндай қылмыс жасағаныма өкінемін. Мен өз мысалыммен ер адамдарға мұндай қорқынышты құқық бұзушылық жасамау керектігін көрсеткім келеді. Мен бұл ісіме қатты өкінемін. Химиялық кастрация жасау шешімінің күшін жоюды сұраймын”, – дейді ол. 

Кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлау әрекеті үшін кқамалған Марат есімді тұтқын Шымкент қаласындағы түзеу колониясында осы уақытқа дейін үш рет кастрация инъекциясын алғанын айтады. 

“Денсаулығым өте нашар. Мен жыныстық қатынасқа түскім келсе де, ешбір жерім жұмыс істемейді”, – дейді. 

Марат баланы зорлау әрекеті үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

14 жастағы оқушы қызды зорлады деп айыпталған 50 жастағы тағы бір сотталған педофил қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

"Олар мені 17 жылға соттады. Мені осы жылдың ақпан айында осында әкелді. Үйде кәмелетке толмаған балаларым бар. Маған да кастрация жасайын деп жатыр”, – дейді ол. 

Ақпарат бойынша жазаның қатаңдатылуы педофилдердің балаларға зорлық-зомбылық көрсету әрекеттерінің 15 % -ға төмендеуіне алып келген. Оған қоса, педофилдер жазасын өтеп, кастрацияланғаннан кейін олардың суреті де жарияланады. Мәселен өткен жолы бостандыққа шыққан 234 педофилдің суреттері мен олардың қай жерде тұрып жатқаны туралы ақпарат жарияланған. 

Өз кезегінде еліміздегі педофилдерді кастрациялау мәселесіне қатысты шетелдіктер пікір білдірді. 

“Сонда оларға жасалып жатқан кастрация балаларға құштарлықты тоқтату үшін бе? Менің ойымша, керісінше, кастрация жасаған сайын, педофилдердің балаға деген құштарлықтары арта түседі”, “Кастрация жасаған көмектеспейді. Педофил өмір бойы педофил болып қалады”, “Химиялық кастрация педофилдердің балаларға тиіспеуіне әсер етпейді. Оларға кастрация жасаудың орнына бір жерге қамап қойып, күні бойы қинау керек”, – деп жазды бірі. 

Алайда шетелдіктердің ойы екіге жарылды. Пікір білдіргендердің басым көпшілігі мұндай әдісті бүкіл әлем бойынша қолдануды ұсынған. 

“Мұндай оңбағандарға өз ойын айтуға мүмкіндік берілген бе? Менің ойымша, бұлардың тіпті тыныс алуға құқығы жоқ”, “Педофилдер кастрацияны адам шыдай алмайтындай қиын деп отыр. Алайда олар өздері балалардың өмірінде, психологиясында ауыр із қалдырғанын түсініп тұрған жоқ. Менің химиялық кастрациядан өтіп жатқан педофилдерге жаным ашып тұрған жоқ. Жазасын көтере алмасаңдар, неге қылмыс жасайсыңдар”, “Балаларға жасаған зұлымдықтарының жанында, педофилдердің көріп жатқаны түк емес. Менің ойымша, мұндай тәсілді бүкіл әлемде қолдану керек”, – деген пікір білдірді шетелдіктер. 

Талқылау