Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көмекке мұқтаж чемпион қызға Құралай Нұрқаділова қол ұшын беретінін айтты

Мәнерлеп сырғанау бойынша чемпион Гүлжан Жұмаділоваға Құралай Нұрқаділова қол ұшын созды.

Гүлжан Жұмаділова

Бұған дейін Гүлжан коньки алатын ақшасы жоқ екенін айтып, елден көмек сұраған еді. Коньки құны 400 мың теңгеге шыққан.Қазақстандықтар ақпарат жариялана сала қолдау көрсетіп, қаражат аударды, деп жазады Sputnik.

Осылайша 613 мың теңге жиналды. Енді оған костюм керек еді. Осы тұста динайзер Құралай Нұрқаділова Гүлжанға тегін костюм тігіп беретінін мәлімдеді. Ол чемпионға көмек керек екенін желіден оқыған. Жыл соңына қарай чемпион Алматыға келіп, модельермен кездеспек.

“Костюмнің қандай болатынын ақылдасамыз. Гүлжанның ойын, өнерін, видеосын, музыкасын, көңіл-күйін ашатын сәтін, қандай қозғалысқа мән бергісі келетінін білген соң, соған икемді киім таңдаймыз. Міндетті түрде қызықты әлдене ойлап табамыз”, – дейді дизайнер.

Гүлжан Жұмаділова қазір Алматыдағы спорт мектебінде қашықтықта оқып жатыр. Өзі Мәскеуде дайындық үстінде.

Ол қарапайым отабсынан шыққан. Гүлжанды Ресейге жіберу үшін әкесі көлігін сатуға мәжбүр болған. Әр ай сайын спортшы бапкеріне 150 мың теңге төлейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау