Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыптылардың жасанды ұрықтаныру процесі тікелей эфирден көрсетілмек

Бала сүйе алмаған қазақстандықтар енді отандық арналардың бірінде өтетін тікелей эфирде жасанды ұрықтандыру жасата алады.

6ae1b62936dec1bf6f7b58090d082138

Бұл туралы Экспресс К хабарлайы.

Он ерлі-зайыпты ел алдында жасанды ұрықтандыру процесін жасайтын болады. Елімізде отбасылардың 15 пайызы бедеулікпен зардап шегуде. Жасанды ұрықтандыру тегін медициналық қызмет көрсеткенмен бәріне бірдей жете бермейді. Соңғы алты жыл ішінде тек 3 мың адамға тегін ұрықтандыруға мүмкіндік бөлінді. Ал, ақылы түрде 1,2 миллион төлеп жасатуға бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді.

Осы орайда «Хотим ребенка» тележобасы бала сүйгісі келетін отбасылар үшін тамаша мүмкіндік болғалы тұр. Яғни, бағдарламаға қатысам деушілермен бірге тікелей эфирде жасанды ұрықтандыру процесінің қалай өтетіні көрермен назарына ұсынылады.

Татьяна Куан

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік әйел канадалық отбасының тапсырысымен бала туып берді

Нью-Йоркта профессор әйелдерге ұрығын тегін беріп, 22 баланың әкесі атанды

Тыңдарманы Сайлаубектен ұрық доноры болуын өтінді

Ғалымдар жасанды ұрық жасап шығарды

Талқылау