Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұдан былай айыппұлдар коммуналдық қызметтердің түбіртегімен бірге келетін болды

Қараша айынан бастап Астана тұрғындарының әкімшілік айыппұлдары «Астана-Бірыңғай есеп айырысу орталығының» («Астана-БЕО») түбіртегіне енгізілетін болады.

Бұл туралы «Астана» радиосының «Елорда тынысы» бағдарламасының эфирінде «Астана-БЕО»  ЖШС-ның басқарма басшысы Елена Югринова мәлімдеді, деп хабарлайды «Elorda Aqparat» медиа ресурсы.

«Осы айдан бастап біз түбіртекке жол қозғалысы ережелерін бұзу және құқық тәртібін бұзу бойынша әкімшілік айыппұлдар төлемін енгіздік. Біздің тұрғындар «әкімшілік айыппұл» деген мәтін пайда болған түбіртекті төлеген кезде мұқият болуы керек», – дейді Елена Югринова.

Оның айтуынша, биылғы жылы әкімшілік айыппұлдар бойынша төленетін түбіртектерді 3 400 адам алады. Айыппұл туралы мәліметтерді Астана қаласының Ішкі істер департаменті ұсынады.

Сондай-ақ «Астана-БЕО» түбіртегіндегі әкімшілік айыппұлдарды төлегенде банктің комиссиясы өзгермейді. «Астана-БЕО» ЖШС бірыңғай төлем құжаты басқармасы 2008 жылдың тамызында қалалық әкімдіктің қолдауымен «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының базасында құрылған болатын.

Қазіргі уақытта біздің мекеме 270 мың абонентке қызмет көрсетеді. Пәтерлерге, яғни жеке тұлғаларға электр жарығы, жылу, су, газ, телекомуникация, домофон жүйесі, салық, жалға беру, тұрғын үйге жөндеу жүргізу сияқты қызмет түрлері бойынша клиенттік база 500 қызмет жеткізушіні құрайды», – дейді Елена Югринова.

Белгілі болғандай, ай сайын 270 мың абонентке конверт жолданады. Әр конверттің ішінде екі парақтан болады. «Сонда есептесеңіз, айына 540 мың қағаз жұмсалады. Бірақ қағазбастылықтан арылатын күннің қашан туатыны әзірге белгісіз.

Өйткені тұрғындардың басым көпшілігі ақпаратты қағаз күйінде алғысы келеді. Әйтпесе конверттің ішіндегі ақпараттың электронды нұсқасын да жібере аламыз. Оған мүмкіндігіміз де толық жеткілікті», – деп атап өтті басқарма басшысы.

Оқи отырыңыз:

Желідегілер Салтанат Бақаеваға үшінші перзентінің қыз болуын тіледі (фото, видео)

Балиева неліктен қазақ әдебиетін ағылшынша оқу қажет екенін түсіндірді

Димаш Құдайберген өмірндегі ең үлкен әрі маңызды арманын айтты

Саусақ “тақылдатса”,ұшақта телефон қосса не болады: ең қызықты сұрақтарға жауап

 

Талқылау