Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брюссельде төрт бірдей жойқын жарылыс болды

Бельгия астанасы Брюссельде төрт жарылыс болып, бірнеше адам ажал құшты. Әуежайдағы жарылыстар салдарынан 17 адам қаза тапты.

20160322134156

Суреттер Conflict News

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алдымен Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 17 адам қаза тапты, 20-дан астамы жарақаттанды.

Жергілікті уақытпен таңғы сағат 8.00 -де ұшу залында жарылыс орын алды. Жарылыс салдарынан шатырдың бір бөлігі құлап, терминал ғимаратында шынылар сынды. Рейстер ұшырылмайтын болды. Әуежайға апаратын темір жолдар жабылды.

20160322141324

Жойқын жарылыс Мальбек метрополитенінде де болды. Жарылыс нәтижесінде алдын-ала дерек бойынша бір адам жарақат алған. Сондай-ақ, осындай жарылыс Шуман бекетінде де болды. Бұл бекет Еврокомиссия мен ЕО кеңесі ғимараттарына жақын орналасқан. Билік қаладағы барлық метро бекеттерін жауып тастау туралы шешім қабылдады.

photo_180375 ццц

Бұл лаңкестік болуы мүмкін. Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.

Әуе рейстері Льеж және Шарлеруа әуежайларына жіберілді.

Талқылау