Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы сүйіктісінің үйінен қазіргі жігітін қуамқ болған ақтөбелік пәтерді «миналаған»

 Тергеу ісінде көрсетілген мәліметтер бойынша  көлік слесарі болып жұмыс істейтін Рустам «23 мамыр күні  бұрын “жүрген” қызы тұратын Қонаев көшесіне келіп, оны үйіне алып кетпек болған» Алайда жігіттің жоспары жүзеге аспай, сүйіктісі үйінен шықпай қойған. Жігіт бірден қызды үйінде басқа бір жігітпен отыр деген ойға тоқтайды.

террорист

Сурет rybinsk-once.ru сайтынан алынды.

Бұл туралы Экспресс К басылымы жазған.

Рустам қыздың есігін қанша қаққанымен ешкім шықпайды. Ол іштен тарсыл естігендей болғанын айтады. Ол жақын маңдағы базарға барып жаңа номер сатып алады. Қолында қыздың телефоны болған, номерді соған салып 112 номеріне хабарласады. Жігіт полицейлерге тура қыз тұратын үйдің үш дәлізіне бомба қойылған деп  хабарлайды. Хабарламаны айтып болғаннан кейін Рустам телефонмен бірге жаңа номерді қоқысқа лақтырып тастайды.

Жергілікті полиция  жалған хабарламадан кейін үш сағат өткенде қызғаныштан қылмысқа барған күдіктіні ұстайды. Қазір Рустамның үстінен «террорлық шабуыл бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін» іс қозғалып жатыр. Сот ғашық «террористі екі айға тергеу абақтысына жапты.

 

 

Талқылау