Брэд Питтпен ажырасқан Аджелина жетінші рет ана атанбақ
Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли жетінші рет балалы болуды ойға алып жүр.
Бұл туралы Батыс басылымдарына сілтеме жасап Рен-ТВ хабарлады.
Сәбидің әкесі Анджелина көңіл жарастырып жүрген белгісіз азамат болмақ. Бұған дейін бірнеше мәрте бала асырап алған Джоли бұл жолы суррогат ананың көмегіне жүгінетін ұқсайды.
Кей деректерге сәйкес, Брэд Питтпен ажырасқан соң Анджелина Джоли балалы болғысы келмейтінін айтқан. Алайда көп ұзамай бұл ойынан айнып отыр. Актриса сәбиіне әке болуға лайықты азаматты тапқанын хабарлапты.
«Энджидің ол жігітке деген көзқарасы түзу, ал ол азамат Анджелина үшін әйелімен ажырасты», – дейді актрисаның жақын достарының бірі.
Жіберіп алмаңыз:
1 жасқа дейін қызымызды көрсетпейміз: Арман мен Аша неліктен мұндай қадамға барды?
Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті
Ақбота Сейітмағамбет: Дәуреннің отбасы барын басынан білдім
Айару Бақытбек: Итімізбен бір төсекте ұйықтап, бір дастарханнан тамақтанамыз