Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Брэд Питті қызғанған Джоли түсірілім алаңына ұмтылатын (фото)

Шетелдік басылымдар жұрт Брэд Питтің көңілдесі деп шулаған актриса Марион Котийярдың жүкті екенін жарыса жазуда. Француздық сұлу екінші баласын күтіп жүр.

348795

Бұған дейін Брэд Питт пен Анджелина Джолидің ажырасатыны жайлы ақпарат БАҚ-тарда таралған болатын. Бүкіл әлем француздық актрисаның Питтпен көңіл қосқанын жарыса жазған еді. Бұл орайда 40 жастағы Марион 52 жастағы Брэдпен арасында ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеген еді. The Sun басылымы, Котийярдың жүкті екенін, алайда баланың әкесі Питт екенін актрисаның жоққа шығарып отырғанын жазды.

Әлі дүниеге келмеген баланың әкесі Брэд Питт те, актрисаның тұңғыш баласының әкесі Гийом Кане де болуы мүмкін. Котийяр 2007 жылдан бері француз азаматпен заңды некеде тұрады. 2008 жылы жұп уәделескендерін жария еткен-ді. Алайда жұп ел алдында бір-біріне өмір бойы адал болуға ант-су ішпеген. Егер Марион мен Брэдтің қарым-қатынасы расталса, ол ант ешқашан қабылданбайды.

“Иә, Парижде Марионның екінші сәбиіне жүкті екенін бәрі біледі. Актриса жүктілігінің арқасында жайнап-құлпырып жүр. Гийомды тастаған жоқпын дейді өзі. Питтпен арадағы байланысы туралы сыбыстар оның көңіліне қаяу түсіреді», – дейді есімін атамауды құп көрген актрисаның жақын досы.

1130367

Алайда шетелдік басылымдар Питтің Котийярға ес-түссіз ғашық екенін жазуда. Екеуі «Союзники» фильміне бірге түскен. Түсірілім кезінде бірқатар басылымдар Джолидің Питті қызғанып жүргенін жазған еді.

Некесін сақтап қалу үшін Джоли, тіпті, түсірілім алаңына жақын жерге көшіп барған екен. Алайда оның бұл әрекеті отбасының сақталуына көмектеспеді.

1130366

Қос актердің арасындағы байланыс туралы сыбыстар жайдан жай шықпаған. Фильм режиссері Роберт Земекис әріптестердің арасында жақын қарым-қатынастың орнағанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Джоли Питтен ажырасу туралы арыз түсірген. Ажырасудың себебін Джоли еш қалпына келмейтін түсініспеушілік деп жазып, балаларды тек өзіне қалдыруды сұраған. Актриса өзіне Брэдтің балаларға тәрбие беру тәсілінің ұнамайтынын айтқан. Оның сөзінше, Питт ашуын ұстай алмайды, сондай-ақ, актердің ішімдік пен есірткіге құмарлығы бар. Джоли аталған нәрселер балалардың өміріне қауіп төндіреді деп отыр.

 

Талқылау