Брук: Головкиннің көздерінен қорқыныш көрдім, белбеуді тағатын сәтті тағатсыздана күтудемін

Сенбі, 10 Қыркүйек , 2016 10:48

Британиялық Sky Sport телеарнасына сұхбат берген Келл Брук бүгін Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жекке қатысты ойын білдірді.

CnWgHw3XgAQub1k

Фото: twitter.com

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Салмақ өлшеу рәсімінен соң Брук жекпе-жекте жеңіске жететінін және қарсыласынан қалайда белбеуді тартып алатынын мәлімдеді.

“Мен Головкиннің көздерінен қорқыныш көрдім. Ол бұл кештің өте қиынға түсетінін біледі. Оны бірнәрсе алаңдатып тұрған секілді. Менің уақытым туды және бүгін бүкіл әлемді таңқалдыратын боламын”, – деді Келл Брук.

Еске сала кетсек, Брук салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннен ауыр болып шыққан еді. Бұл оның орта салмақтағы алғашқы кездесуі. Кәсіпқой шаршы алаңда Геннадий Головкин жалпы саны 35 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетсе, 32 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Келл Брук 36 рет шаршы алаңға шығып, оның барлығында дерлік жеңіске жете алған. Ал 25 кездесуін нокаутпен аяқтапты.

Бұл жекпе-жек үшін қос боксшы да өздері үшін ең жоғарғы рекордтық сомадағы ақша алады. Кездесу орта салмақ аясында өтетіндіктен Головкинге IBO, IBF және WBC атақтарын қорғауға тура келеді.

Кездесу барысында ямайкалық Марлон Райт шаршы алаңдағы төреші қызметін атқарса, боксшылардың іс-қимылын Гуидо Каваллери (Италия), Крейг Меткалф (Канада) және Бенуа Россель (Канада) сынды төреші мамандар бақылайды.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренада өтетін бокс кешінде WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) күш сынасады.

“Қазақстан”және KazSport телеарналары жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Астана уақытымен түнгі 23:00-де басталады.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

Оқи отырыңыздар:

Диана Шарапова Геннадий Головкинді қолдау мақсатында клип шығарды (видео)

Ашық алаңда жаттыққан Головкинге Лондон халқы тамсана қарады (фото, видео)

Келл Бруктың Головкинмен жекпе-жегі үшін қанша қаражат алатыны белгілі болды

Головкин 2004 жылғы Олимпиададағы әділетсіздіктерді айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар