Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брук Головкинмен айқастан кейін ауруханаға түсті

Британдық боксшы Келл Брук  казақстандық Геннадий Головкинмен айқастан соң ауруханаға жатқызылды.

image

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Британдық журналистердің, «Брук ауруханаға сақтық үшін апарылған, – дәрігерлерге Головкиннің үсті-үстіне тынбай сілтеген соққыларынан соң зардап шеккен көзін тексерту қажет. Осыған байланысты Келл жекпе-жектен кейінгі дәстүрлі  баспасөз мәслихатына қатыса алмады»,-деген сөздерін келтіреді Sports.kz.

Еске сала кетсек, бесінші раундта өз спортшысының денсаулығынан қорыққан  Бруктың бапкері Доминик Ингл рингке сүлгі тастаған болатын. Сөйтіп, GGG өзінің кезекті жеңісін нокаутпен аяқтады.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин-Брук жекпе-жегінің бейнежазбасы (видео)

Геннадий Головкин шаршы алаңға көтерілді

Геннадий Головкин Лондондағы 02 аренаға келіп жетті (видео)

Лондонда Головкин-Брук бокс кеші басталды

Талқылау