Бритни Спирс 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспақ

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 10:08

Әлемге әйгілі әнші Бритни Спирс соңғы екі жылдан бері үзбей спортпен шұғылданып жүр. Бірнеше жыл бұрын ғана Бритни артық салмағы үшін әлем назарына іліккен танымалдар қатарында болса, бүгінде әлем фанаттары 35 жастағы әншінің мінсіз мүсінін сөз қылуда, деп жазады Stan.kz.

Britney-11

Танымал жұлдыз жаттығулардың арқасында жеткен жетістіктерін көрсетуден жалыққан емес. Мәселен, күні кеше Бритни желідегі парақшасында акробатикалық жаттығулар жасап жатқан видеосын жариялады. Онда әнші күрделі жаттығуларды жаттықтырушының көмегінсіз өздігінен орындаған. Видеоны 1,5 миллионнан аса адам тамашалап үлгерген.

«Кеше гимнастика залында көңілді күн өткіздім. 2028 жылғы Олимпиада ойындарының Лос-Анджелесте өтетініне қуаныштымын. Қазірден бастап дайындалып жатырмыз», – деп жазды Бритни.

Britney-33

Фанаттар Бритнидің аэробикаға деген икеміне тәнті болғандарын жеткізді.

Атап өтетін жайт, өткен өмірінде талай қиыншылық болса да (жүйкесінің сыр беруі, есірткіге әуестігі, т.б.), қазіргі Бритниден үлгі алатын қыздар көп.

Life is actually better upside down 👠💕👛🎀👙💃🏼💃🏼👙

Публикация от Britney Spears (@britneyspears)

Жіберіп алмаңыз:

Динара Сәтжан латын әліпбиі арқылы қазақ тілін жетік меңгеріп алатынын айтты

Бибігүл Төлегенова: Әлішер деген тараздық өзбек эстрадада неғып жүр?

АҚШ-тан келген жанкүйер Димаш үшін Қазақстанда қалмақшы

Арбаға таңылған тыңдарманымен кездескен Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар