Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияның әйгілі мектебінде трансгендерді ренжітпес үшін оқушыларды қыз деп атауға тыйым салды

Манчестердің мемлекеттік мектебінде жарияланған тыйым ата-аналарды таңғалдырды. Мектеп мұғалімдері оқушылармен сөйлесу кезінде бейтарап бағытты ұстанбақ.

Білім ордасының басшылығы трансгендердің көңіліне тимеу үшін осындай қадамға барып отыр. Олар қыз балаларды тек оқушы деп атайтын болды.

Мектеп директоры осы мақсатта ата-аналарға хат жіберіп, жағдайды түсініруге тырысқан.

«Бұл бастаманы полицейлер қолға алып, іс жүзінде жүзеге асыруда. Көптеген транссексуалдарға «қыз» деген атау ауыр тиюі мүмкін», – дейді мектеп директоры.

«Біз адамдардың көзқарасын құрметтеуі тиіс заманда өмір сүріп жатырмыз. Алайда жынысы мен сексуалды көзқарасына байланысты дерті болса, ол үшін мұндай тыйым салмау керек. Қыздарды қыз деп атаған дұрыс», – дейді тұрғындар.

Тағы да оқыңыз:

Қаңғыбас әйел өзін тамақтандырған әжейді тонап кетті

Әйелінің қызымен үйленген азамат сотталып кетті

Қабылан үй ауласында жүрген екі баланы жеп қойды

Талқылау