Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық зерттеушілер электронды хаттағы өтірікті анықтайтын алгоритм құрастырды

City University London құрамына кіретін Лондондағы Cass Business School мектебінің зерттеуші ғалымдары электронды хатта қаншалықты өтірік ақпарат жазылғанын анықтайтын алгоритмді құрастырып шықты.

9ee4b65a090052

 

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Зерттеушілер әртүрлі тілдік деңгейдегі электронды хаттар мұрағатын ақтарған. Осылайша сөздердің қолданылу нұсқаларын, хабарламалардың даму және интертекстуальды сигнал алмасу реттілігін зерттеген.

Мәселен, жалған ақпарат белгілері артық есімдіктердің, шектен тыс аргументтердің қолданылуы болуы мүмкін. Сондай-ақ, тым артық сыпайылық белгілері де хат жіберушінің жасандылығынан хабар беруі ықтимал. Себебі адам барынша әдепті хат жазу арқылы да жалған адамгершіл әрі адал адам болып көрінгісі келген болуы мүмкін дейді профессорлар.

Бұл алгоритмді құрастырған авторлар бірінші кезекте өз еңбектерін қаржылық алаяқтықтан сақтандыру үшін жасапты.

“Біздің бағдарламалық қамтамасыз етуіміз мүмкін үлкен компаниялардың өз клиенттерін бағалап, қаншалықты ақиқат айтқандарын анықтауына мүмкіндік сыйлайды”, – дейді олар.

Зерттеушілер бизнестегі алдау үлкен құқықбұзушылыққа соқтырып, сотқа дейін апаруы мүмкін. Олардың айтуынша, тек АҚШ-тың өзінде бизнесмендер жыл сайын серіктес таңдаудағы қателік салдарынан 200 млрд долларларын жоғалтады екен. Олар өздері құрастырған бағдарламаны менеджер таңдауда жаңылыспау үшін өте қажетті деп бағалап компанияларға ұсынбақ.

Талқылау