Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық мастықпен такси шақырамын деп байқаусызда автобус сатып алған

Дәл қазір азамат өзінің көк түсті автобусын әлеуметтік желі арқылы сатуға талпынып жатыр.

13133224_10154099231242141_6840237096354529714_n

Бұл туралы “Life.ru” басылымы хабарлайды.

Ибицада Ұлыбритания тұрғыны Дэви Литтл ішімдікке тойып алып такси шақыртқан. Артынша белгісіз себептермен байқаусызда көк түсті Scania Irizar Century Coach автобусын сатып алған. Құны – 28 500 стерлинг.

Ол өміріндегі ең үлкен қатені жібергенін түсінген кезде кеш болған. “Мен әлі күнге дейін Ибицада жасаған қылығымды түсіндіре алмаймын! Түнгі клубтан шығып, телефоныма қараған кезде 30 000 фунтқа көлік сатып алғанымды түсіндім. Әлі де сене алар емеспін. Құдай үшін, біреуің менің көк автобусымды сатып алыңдаршы”, – деп жазады ол өзінің Facebook парақшасында.

image

Аталған жазбаға 45 мыңнан астам лүпіл басылып, көптеген пікір жазылған. Көпшілік оның әжуалап, бұл әрекетін сынаған.

Талқылау