Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық қыз екі жыл бойы бай еркектердің есебінен әлемді шарлаған

Англия тумасы Натали Вуд екі жыл бойы бай жігіттердің ақшасы есебінен әлемді аралап жүр. Ол еркектермен интернет арқылы танысқан.

xz

Сурет mirror.co.uk

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Вуд Miss Travel сайтына тіркелген. Мұнда тіркелу арқылы жалғыз жүрген саяхатшылар өздеріне команда табады. Екі жыл ішінде ол әлемнің әр түкпірінде жеке бизнесімен аты шыққан 80 еркекпен кездескен. Олар қызға Түркияға, БАӘ-не, Австралияға, Кувейтке, АҚШ-қа және Мальдив аралдарына саяхаттауға жағдай жасаған.

Бай шетелдіктер британиялық қызды бару-қайту шығындарын өздері көтеріп, елдеріне шақырған. Олар сондай-ақ, туристке ақшалай сыйлық табыстап, керемет кешкі асқа да шақырыпты. Вудтың айтуынша, қызды құрметтеп қонақ еткендер жалпы саны 80 мың евродай жұмсаған.

Қауіпсіздікті әрқашан бірінші орынға қоятын британдық, өзінің болашақ кездесетін жігітімен, скайп арқылы танысып, оның жеке куәлігін де өз көзімен көріп алады екен. Оның айтуынша, кездескен барлық жігіт те “нағыз джентльменге” тән қасиеттерімен есте қалған. Вуд өз елдеріне шақырған қалталы жігіттер екеуара қарым-қатынас кезінде секске мәжбүрлемегенін айтады. Әйтсе де, төсек қатынасына баруға да мүмкіндіктер туындапты.

Талқылау