Дәрігерлер пайдасыз ем шараларының тізімін жасады

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 22:18

Корольдік медицина колледждерінің Британиялық академиясы науқастарға еш пайдасы жоқ немесе қажетсіз 40 емдік шарадан тұратын тізім жасады.

medicina-720x400_c

Тізімде менопауза басталғанын анықтау үшін 45 жастан асқан әйелдерден алынатын гормондарды анықтауға арналған қан талдауы немесе бел ауырғанда жасалатын рентген бар. Сонымен қатар дәрігерлер ем жүргізетін дәрігерден қандай да бір емдік шара жайлы анық-қанығын сұрастыруға кеңес береді.

Жаңа ұсыныстар тағайындалған артық емдік шараларды қысқартуға және науқас пен дәрігер арасында емдеу әдістерін ашық талқылауға ынталандыруға бағытталған «Ақылмен таңда» (Choose Wisely) науқанының бөлігі болып табылады.

Тізім жасау үшін 11 сала бойынша мамандандырылған дәрігерлерге сауал жүргізіліп, олар өз саласында қолданылатын қажетсіз әрі пайдасыз 5 ем шарасын атау керек болған.

Ұсыныста келесі кеңестер көрсетілген:

  • Физиологиялық ерітінді сияқты, құбыр суы – тілік пен жараны жууға жарамды.
  • Балалар білегінің жеңіл сынығын гипспен ораудың қажеті жоқ, олар алып-салмалы фиксатор көмегімен де жылдам жазылады.
  • Жоғары тыныс жолдары ауруларынан зардап шегетін балалар медицинаның араласуынсыз-ақ сауығып кетеді.
  • Босану уақытында нәресте жүрек қызметінің электронды мониторингін қолдану анада асқынулардың даму қаупі жоғары болғанда ғана қажет.
  • Химиотерапияны қатерлі ісіктің емделмейтін түрлерінің өтуін жеңілдету үшін қолдануға болады, алайда ол аурудан сауықтырмайды және науқас өмірінің соңғы күндерінің сапасын нашарлатуы мүмкін.
  • Қанда простатаспецификалық антиген барын анықтауға арналған рутинді скрининг өмірді ұзартпайды, бірақ адамды артық мазасыздандыруы мүмкін.

«Артық ем»

Корольдік медицина колледждерінің Британиялық академиясының мәліметі бойынша, науқастардың дәрігерлерден дәрі не зерттеуден өтуге жіберуін талап етіп, қысым көрсетеді. Нәтижесінде Ұлттық денсаулық сақтау қызметі тағайындалатын дәрілер мен ем шараларының тізімін үнемі қысқартуға тырысады.

Британиялық терапевтерге тағайындалатын антибиотиктер мөлшерін төмендету жөнінде ұсыныстар жасалғанына мұнымен бірінші жыл емес.

Енді сарапшылар науқастарға әрдайым дәрігерлерден төмендегі 5 сұрақтың жауабын алуға кеңес береді:

  1. Менің бұл талдау, емдік шарадан міндетті түрде өтуім керек пе?
  2. Оның зияны немесе жағымсыз салдары бар ма?
  3. Жанама әсері болуы мүмкін бе?
  4. Анағұрлым қауіпсіз, қарапайым әдістер бар ма?
  5. Бұл талдау, емдік шарадан өтпесем не болады?

«Бұл әдістердің кейбірі инвазиялық болуы және уақыт талап етуі мүмкін. Әлдеқайда қарапайым, анағұрлым қауіпсіз әдістер бар. Неге оларды қолданып көрмеске? Меніңше, біз емдегенде: «Егер менің қолымнан келетін болса, неге мұны жасап көрмеймін?» – деген ойда болатын сияқтымыз. Бірақ біз мұны тоқтатып, алдымыздағы науқасқа нақты қай емнің дұрыс боларын ойлауымыз керек», – дейді Корольдік медицина колледждері Академиясының төрағасы, профессор Сью Бейли.

Тек Ұлыбритания емес, көптеген мемлекеттердегі дәрігерлердің де санасында осы сұрақ туындайды. Дәрігерлер ем іздеп келген науқастарына тағайындайтын дәрілер мен емдік шаралар тым көп емес пе?

2014 жылы Патшайым Марияның Лондондық университеті жүргізілген зерттеу мәліметтерін жариялаған. Онда күнделікті аспириннің 1 таблеткасын қабылдау қатерлі ісіктің кей түрлерінің даму қаупін төмендете алады.

Бұл зерттеу жұмысы беделді болғанымен, ол дәріні күнделікті қолдануға байланысты дау туындауына алып келді.

Бүгінгі ұсыныстарды денсаулық сақтау саласындағы кей адамдар өз пайдасына қолданып, тегін емнің қолжетімді құралдарын қысқартып, барлығын қаражат жетіспеушілігіне сілтеуі мүмкін.

Шынында да Корольдік медицина колледждері Академиясы бұл ұсыныстардың астарында қаржы мәселесі жатқандығын теріске шығарады.

Бірақ «шектен тыс ем» мәселесі қызу талқыға түсетіні анық.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар