Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әжеге бала көтеру үшін қайтыс болған қызының аналық жасушасын қолданбақ

60 жастағы британиялық әже құрсағына бала бітіп, өмірге әкелу үшін дүние салған қызының аналық жасушасын қолдануға рұқсат алды.

Эмбриология мәселесімен айналысатын британиялық басқарушы барлық қажетті медициналық процедураларды өткізу үшін егде әйелге Нью-Йорк клиникасына биологиялық материалдарды әкелуге рұқсат етті. Медициналық процедуралар қатарында донорлық ұрықпен ұрықтандыру да бар.

Бірнеше ай бұрын апелляциялық сот егде жастағы әйелдің талабын тыңдаған-ды. Сотта әйел 2011 жылы ішек қатерлі ісігінен көз жұмған 28 жасар қызының аналық жасушасын қолдануға рұқсат сұрған еді.

Британиялық әже бақилыққа аттанар алдында қызы өз балаларын дүниеге әкелуді өтінгенін айтады. Десе де қызы өз аналық жасушасын қолдануға жазбаша келісім қалдырмаған.

Алайда басқарушы ұйғарымы бойынша, бұл ретте сөз – «ерекше әрі сирек кездесетін жағдай» тұрғысында. Оған қоса ата-анасына ерекше тілек білдірген қыз мұндай қиындықтар туындайтын білгенде, жазбаша келісімнен бас тартпайтын еді деген қорытынды жасады.

«Бұл – өте мұңды оқиға. Біз өз аналық жұмыртқасын не ұрығын қатырып қоюға ниетті адамдарды қайтыс болған жағдайда материалды қолдануға рұқсатын бүге-шігесіне дейін жазуға шақырамыз», – дейді қорғаушы Натали Гэмбл.

Талқылау