Британиялық азамат есімін “Бекон Чизбургер” атауына ауыстырды

Сейсенбі, 23 Ақпан , 2016 10:33

Британиялық азамат достарымен бірге ішімдік ішіп отырып өзінің есімін ауыстыратынын айтқан. Алайда, үйлену үшін өзінің негізгі атын қайтарып алуға тура келмек.

10418127

Сурет РИА Новости сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Британиялық өзінің есімін Bacon Double Cheeseburger атауына ауыстырған. Тиісінше ол өзінің бұл әрекетін қалыпты деп бағалайды. Сэм Смитке өзінің атын басқа есімге ауыстыру идеясы достарымен бірге көңіл көтеріп отырған кезде келген.

“Барлығы бекон чизбургерді жақсы көреді. Бұл өте күлкілі сәт болды. Достарым әдеттегідей мені мазаққа айналдыра жөнелді”, – дейді Чизбургер.

Енді өзінің жаңа есімін 33 жастағы азамат B D Cheeseburger деп әспеттеп жазып жүр. Ол Европада қонақүйден нөмір алуда және ұшаққа билет аларда жаңа есімі кедергі келтіретінін мойындап отыр.

“Мен жұмыс бабымен көп уақытымды Азияда өткіземін. Бекон негізінен Ұлыбританияға танымал болғандықтан Азиядағылар мұның не екенін біле бермейді. Анам бұл шешіміме ашуланды, ал әкем таң қалды”, – дейді ол.

Ал оның болашақ келіншегі Изабелла Чизбургер есімді азаматқа күйеуге шығуға онша қуана қоймаған. Енді үйлену тойы алдында оған өз есімін тағы бір рет өзгертуге тура келетін сияқты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар