Британиялық азамат болашақ жарының телефон нөмірін дәретханадан тауып алған

Сейсенбі, 16 Тамыз , 2016 15:41

Гарфорт қаласында (Ұлыбритания) ер адам болашақ әйелінің телефон нөмірін ерлер дәретханасынан тауып алған. Жергілікті дәмханалардың біріне келген Марк Эллис бұл туралы The Sun басылымына айтып берген.

pic_3f5007841927e2d8069a173eb43fb0ea

51-жастағы британдық жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Донна есімді әйелдің нөмірін көрген ол қалжың ретінде нөмір иесіне хабарлама жіберген. Одан кейін екеуі сөйлесіп кеткен. Арада бірнеше күн өткеннен кейін Брайхаустың қос тұрғыны кездесіп, бір-бірін ұнатып қалған.

«Ол адам өмірде бар ма, жоқ па? Мені сол қызықтырды», – деп түсіндірді Эллис. Кейіннен дәретхана қабырғасындағы жазбаны Доннаның бұрынғы сүйіктісі қалдырғаны белгілі болды. Британдық азамат өзінің болашақ жарына телефон нөмірін қайдан алғанын түсіндірген соң, әйел нөмірін өзгертуге мәжбүр болған.

2015 жылдың желтоқсанында Филикстоу қаласындағы Суффолк ағылшын графтығында шопинг жасауға келген Глэдис Филлипс (Gladys Phillips) есімді зейнеткер қоғамдық дәретханада төрт күнге қамалып қалған. 82-жастағы  Филлипс есіктің кесірінен сыртқа шыға алмаған. Ол уақытта зейнеткер немерелерінің біріне сыйлық ретінде мойынорамал тоқып үлгерген.

Жіберіп алмаңыз: 

Тайландта бойжеткен қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты (фото)

Қытайда туыстары қайтыс болған қыз бен жігіттің тойын жасады

Әлем халқын дүрліктірген неке тойлары (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар