Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әйел қызына ұқсау үшін 56 мың доллар жұмсаған

Британияның Бернли қаласының 57 жастағы тұрғыны Джанет Хоррокс 35 жастағы қызына ұқсау үшін 40 мың фунт (шамамен 56 мың доллар) ақша жұмсаған. Көптеген ота жасатқан әйел енді Джейн атты қызына қатты ұқсайды. Тіпті көшеде көріп қалғандар олардың қайсысының жасы үлкен екенін ажырата алмай жатыр.

image

Әйел кеудесін үлкейтіп, шашын ұзарту үшін 15 мың фунт ақша жұмсаған. Мұнымен қатар, Джанет Хоррокс қымбат әрі денені қатты ауыртатын ботокс түрін жасатқан. Жолдасымен 2002 жылы ажырасып кеткен Джанет қызын өмірінің мәні санайды.

“Мен оны жарық дүниеге өзім әкелдім. Көп уақыт пен көп күш жұмсадым. Сондықтан қызыма ұқсауыма толықтай құқығым бар деп есептеймін”, – дейді Джанет Хоррокс.

“Анамның маған қатты ұқсағысы келгенін білген кезде, мен қатты қорықтым. Тіпті қартайған шағымда одан да кәрі көрінуім мүмкін ғой деп ойладым. Артынша бұл ойына көндіге бастадым. Кім, не десе де, ол менің анам ғой”, – деп қызы бастапқыда анасының бұл шешіміне қарсы болғанын айтты. Қызы дәл қазір анасының әрекетін құптаса да, өзіне мұндай оталар жасатуға толықтай қарсы.

1

“Мен жасыма сай қартайғым келеді. Ешуақытта мұндай ота жасатпаймын”, – деп Джейн табиғи сұлулықты жақтайтынын білдірді.

Оның айтуынша, дәл қазір анасымен қарым-қатынасы жақсы. Бұрынғыдай ренжісіп жүрген жоқ. Мұны келесі сөздерінен-ақ байқауға болады.

“Бастапқыда отаға бола мұнша ақша құрту ойға сыймайтын дүние деп ойладым. Егер осы оталарды жасатқаннан анам бақытты болса, неге келіспеске?! Бұл қалай болғанда да оның өзінің денесі”, – деп Джейн анасына ота жасатуға бұрынғыдай кедергі жасамайтынын жеткізді.

Талқылау