Британиялық әйел бір мекемеде 70 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр

Жұма, 28 Сәуір , 2017 14:44

Ройал-Лемингтон-Спа қаласында тұратын 89 жастағы әйел бір орында ұзақ жыл істеген адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген.

xw_1399808

Бұл туралы Leamington Observer хабарлайды.

Kigass Aero Components Ltd компаниясына 1947 жылы есепші болып кірген Моника Эванс сол жерде әлі күнге дейін жұмыс атқарып келе жатыр. Өз жұмысын жақсы көретін әйелдің мекемеден кеткісі жоқ. Әріптестері де оны ерекше бағалайды. Соңғы жылдары Моника жұмысқа аптасына үш рет барып жүр. Ең қызығы әйелдің қазіргі бастығы оның ең алғашқы директорының шөбересі екен.

Ұшақ бөліктерін құрастыратын компанияда 70 жыл еңбек еткен әжейге арнап әріптестері арнайы кеш ұйымдастырған. Тіпті оған арнап патшайым Елизавет II өзі құттықтау хат жіберіпті.

“Моника өз жұмысын сүйеді, өте жауапкершіл жан. Мен оны бірнеше рет ерте жіберсем де, ол жұмысын соңына дейін аяқтайды”, – дейді компания басшысы Джоан Смит.

Оқи отырыңыз:

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Әзілкеш жігіт әлеуметтік желіде ғана “әдемі” болатын қыздарға ән арнады (видео)

Пойызда билеген жолсерік жігіттің биі қыздарды ғашық етті (видео)

Актриса тым сексуалды болғандықтан оның фильмдерге түсуіне тыйым салынды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар